Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан қор биржасынының (KASE) мәліметіне сәйкес, таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 6,68 теңгеге көтеріліп, 492,21 теңге болды.

Айта кетері, Ұлттық банктің 2 наурызға белгілеген доллар бағамы 487,75 теңгені құраған болатын.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, 1 доллар 495-498 теңге аралығында сатылып жатыр.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!