Фото: Tengrinews.kz 2024 / Тұрар Қазанғапов

Азаматтың сот өтеуге міндеттеген борышы болған жағдайда, сот орындаушысы оның айлық жалақысының белгілі бір бөлігін ғана ұстап қала алады. Ал егер сот орындаушысы белгіленген мөлшерден көп алатын болса, борышкер шағымдануға құқылы. Бұл туралы сот Динара Құйқабаева айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соттың мәліметінше, сот орындаушысының заңға қайшы әрекеті туралы шағымды мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа түсіруге болады.

«Сот орындаушысы борышкер жалақысының 50 пайыздан астамын ұстап қалуға құқығы жоқ. Бұл шектеу Конституцияда көрсетілген, егер сот орындаушысы сіздің айлық жалақыңыздың толық сомасын ұстап қалатын болса, сіз оның әрекеті туралы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа шағым түсіруге құқыңыз бар», – деді Динара Құйқабаева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!