Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Павлодарда ірі салық төлеушіден бюджетке 640 миллион теңге өндірілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 миллион теңгеден аса салық төлемегені анықталды.
Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС бұл соманы бюджетке төледі.
Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!