Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс кезінде Екібастұз МАЭС-2 бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлемегені анықталды, деп хабарлады өңірлік прокуратура.
Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты өндіру шарасы қабылданып, нәтижесінде мемлекеттік аудандық электр станциясы қарызын төледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін облыстағы «KSP Steel» ЖШС бюджетке 500 млн теңгеден астам қаражат төлемегенін хабарлаған едік. ЖШС қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған, яғни 567,2 млн орнына 9,7 млн ғана төлеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!