Фото: Pixabay
23 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі долларды сатып алу-сату орташа бағамы туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE биржасының мәліметінше, доллар мен теңге 482-483 деңгейінде саудаланып жатыр. Дәл мұндай көрсеткіш 2022 және 2023 жылы байқалған.
Валюта бағамының мұндай әлсіреуі осы айда бюджетке аударымдарды қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сату деңгейі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Kurs.kz сайтының жазуынша, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 478 теңге, сату бағамы 482 теңге.
Алматыда 481 мен 483 теңге аралығында. Ал Шымкентте 480 теңге мен 484 теңге аралығында сатылып жатыр.
Еске салсақ, 22 тамызда Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатқанын жазған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!