Жаңа қаржылық көрсеткіштер қазақстандықтардың өмір сүру деңгейіне қалай әсер етеді? Тұрғындар енді жақсы өмір сүретін болады ма, әлде барлығы қаз қалпында қалады ма? Бұл сұрақтарға қаржылық талдаушы Арман Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

2020-2024 жылдарға қарай мемлекеттік бюждеттен жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеге көтерілетіні туралы заң жобасы халық назарына ұсынылған болатын. Сонымен қатар жәрдемақы мен зейнетақы сомасы да артатын болған. Осы ретте тұрғындар жалақының өсуінен өмір сүру деңгейіміз де көтеріледі деп қуанып қалғаны жасырын емес. 

Бірақ қаржыгер Арман Бейсембаев бұл халықтың жағдайына мүлдем әсер етпейді дейді.

«Ешқандай өзгеріс алып келмейді. Өйткені бұл мемлекет тарапынан іс жүзінде жасалған жетекші қадам емес, тек ауызша аталған факт болып тұр. Осы себепті де ол мүлдем әсер етпейді. Басты себептердің бірі, бұған дейінгі ең төменгі жалақы мөлшері мүлдем құлдырап, халықтың жыртығын жамауды доғарды. Сондықтан бұл ойластырылған шара деп есептеймін. Тек мемлекет онсызда экономика зәру болып тұрған шешімді растады», – дейді ол.

Қаржы талдаушысы сонымен бірге адамдар бағаның өсімін ауыр қабылдамас үшін жылдан жылға әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлерін қаншалықты көтеру қажеттігін түсіндірді.

«Ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейіне негізі адамдардың күнделікті қажеттіліктері жатады. Осылайша сізге қажетті азық-түліктердің бағасын есептеп, шенеуніктер тұрғындарға бір айға жететін ақша мөлшерін шығарады. Сондықтан бұл деңгейлер негізінен кедейліктің сипаттамасы секілді. Осылайша бұл деңгейге жататын адамдар әрқашан бағаның өсімін сезінетін болады және бұл ел экономикасымен ілесе жүретін өсімдердің бірі. Яғни бізде күндердің күнінде ең төменгі жалақы мөлшері 150 мың теңге болуы мүмкін де осындай жалақы мөлшерінде де адамдар кедей болып саналуы ықтимал», – дейді Бейсембаев.

Арман Бейсембаев халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ең төменгі жалақы мөлшерін, жәрдемақы мен зейнетақыны арттыру жеткіліксіз екенін жеткізді.

«Қазіргі таңда ең маңызды экономикаға басты назарды бұру қажет. Адамдарды жақсы өмір сүруге тартудың қажеті жоқ, оның орнына адамдық капиталды дамытуға, орта және шағын бизнесті дамытуға күш салу қажет. Ал тек жалақы мөлшерін көтеріп ғана біз тұрғындар өмірін жақсарта алмаймыз», – деп түйіндеді Арман Бейсембаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!