Фото: freepik

KAZINFORM — Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 16 тамыздағы қаулысымен кредит бюросына қойылатын талаптар күшейді. 

Осы қаулы арқылы қашықтан қызмет көрсету үшін бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі бойынша кредиттік бюроларға қойылатын қосымша талаптар белгіленді.

Талаптарға сәйкес кредиттік бюролар бағдарламалық қамтылымды пайдалануға бергенге дейін оның бастапқы кодының қауіпсіздігіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жояды.

Қаулыда кредиттік бюролардың веб-қосымшалары мен мобильдік қосымшаларын әзірлеудің де, оларды пайдаланудың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі қосымша айқындалған.

Кредит бюроларының мобильді қосымшасынан операциялық жүйесінің қорғаныс тетіктерін бұзу немесе клиенттің құрылғысын қашықтан басқару белгілері анықталса, қашықтан қызмет көрсетуді бұғаттау көзделген.

Бұл нормалар кредит бюроларын бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздік нормаларын күшейтуге міндеттейді, бұл азаматтар үшін олардың деректерін өңдеу кезінде қосымша қорғаныс болады.

Құжатта кредиттік бюроларды агенттіктің ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығының ақпаратпен алмасу жүйесіне қосу бойынша қосымша талаптар айқындалған.

Бұл кредит бюроларының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс жағдайлары туралы ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!