Министрлік бұл туралы мәлімдеме жасады.

да әсер етеді. Ешқандай өтініш берудің қажеті жоқ, төлем мөлшері автоматты түрде артады.

Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған адамның асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ, тиісті заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Қазір мұндай жәрдемақы мөлшері:

– отбасының бір еңбекке жарамсыз мүшесі болған кезде – 0,86 КД (32 155 теңге);

– барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны екеу болған жағдайда – 1,49 КД (55 710 теңге);

– барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны үшеу болған жағдайда – 1,85 КД (69 170 теңге);

– барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінңғ саны төртеу болған жағдайда – 1,96 КД (73 283 теңге);

– барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны бесеу болған жағдайда – 2,03 КД (75 900 теңге);

– отбасының алты және одан да көп еңбекке жарамсыз мүшелері болған кезде әрбір жәрдемақы мөлшері 2,11 КД (78 891 теңге) тең үлесі ретінде есептеледі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға артады және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап келесіні құрайды:

– бір еңбекке жарамсыз отбасы мүшесі болған жағдайда – 34 888 теңге;

еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны екеу болған жағдайда – 60 445 теңге;

– еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны үшеу болған жағдайда – 75 049 теңге;

– еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны төртеу болған жағдайда – 79 512 теңге;

– еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны бесеу болған жағдайда – 82 352 теңге;

– отбасының алты және одан да көп еңбекке жарамсыз мүшелері болған кезде әрбір адамға берілетін жәрдемақы мөлшері 85 597 теңгенің тең үлесі ретінде есептеледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!