Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 триллионнан астам теңге зейнетақы төленді.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге – 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеміне – 928,9 млрд теңге бағытталды. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткер саны 2 млн 239 мыңға жетті.
2021 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақыға 222,3 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,1 млрд теңге бағытталды.
Зейнетақы төлемінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99 898 теңге.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!