Ең төменгі күнкөріс деңгейі келесі жылдан бастап ол 43 407 теңгеден есептеледі.
Келесі жылдың айлық есептік көрсеткіші мен ең төменгі жалақы мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент қол қойған заңға сәйкес, елімізде ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге өсті.
Ал айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеден 3 692 теңгеге ұлғайды.
Сонымен бірге, базалық зейнетақы төлемі 28 215 теңге болса, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі де көтерілді. Келесі жылдан бастап ол 43 407 теңгеден есептеледі.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!