Бюджет саласы және квазимемлекеттік сектордың 1 млн-нан аса қызметкерінің, сондай-ақ мемлекеттен қолдау алатын бизнестің 2,8 млн жұмысшысының жалақысын көтеру ескерілген. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті депутаттар! Сіздердің өңірлерге сапарларыңыз барысында көтерілген екі мыңға жуық сұрақтар Үкімет тарапынан жан-жақты сарапталып, қаралды.
Бұл сұрақтардың негізгі тақырыбы Үкіметке азаматтардан тікелей келіп түскен 1800 өтініште баяндалған талап тілектермен сәйкес келіп отыр.
Демек, бұл өңір тұрғындары шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер. Олар бойынша мемлекеттік аппараттың жан-жақты зерделенген шешімі қажет.
Бұл сұрақтардың шешімі бүгінгі отырысқа қатысып отырған Үкімет мүшелері жұмысының күн тәртібіне енгізіліп, министрлердің өңірлерге сапарлары аясында нақты қаралатын болады. Бұл бағытта депутаттық корпусты бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Осы орайда «Жаңа Қазақстанның күн тәртібі – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс тапшылығын жою, жұмыс орындарын құру және инфляцияны тежеу» деген Мемлекет басшысының сөзі бүгінгі күні алдымызда тұрған негізгі міндет екенін атап айтқым келеді», – деді Е. Тоғжанов.
Оның айтуынша, сұрақтардың негізгі блогы – нақты табысты арттыруға, кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты.
«Өздеріңізге белгілі, пандемия, жаһандық экономикалық дағдарыс халықтың кірісінің төмендеуіне әсер етті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Халық табысын арттыру бағдарламасында азаматтар кірісін көтеруге бағытталған нақты шаралар қарастырылған. Біріншіден – бұл бюджет саласы және квазимемлекеттік сектордың 1 млн-нан аса қызметкерінің, сондай-ақ мемлекеттен қолдау алатын бизнестің 2,8 млн жұмысшысының жалақысын көтеру. Екіншіден, экономиканың барлық салаларында жаңадан ашылатын 2 млн жұмыс орындарының табысын арттыру. Оның ішінде бұрын сырттан әкелінген, өндірісте сұранысқа ие тауарлардың 19 түрі бойынша жаңа кәсіпорындар құру. Фармацевтика, биотехнология, IT-технология және мұнай-химия саласында шикізаты жоғары – 5-ші және 6-шы деңгейде өңдеуге негізделген өңдеуші өнеркәсіпті дамыту арқылы іске асыралады. Үшіншіден, ірі кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру арқылы кәсіпкерліктен түсетін табысты арттыру», – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Төртіншіден, «Бақытты отбасы» сияқты жобалар арқылы көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға жыл сайын 20 мың жұмыс орындарын құру ескерілген. Мұнымен қоса, «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны» жобалары және (400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде) гранттар беру арқылы 160 мың жасты жұмысқа тарту
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!