Фото: «Халық» қайырымдылық қоры
«Halyk» қайырымдылық қоры 1500 жанұяға азық-түлік себетін үлестірмек. Қор қазірдің өзінде Алматы облысындағы 500 отбасыға азық-түлік себетін таратқан. Қор өкілдері мұндай көмек түрі жыл соңына дейін бірнеше рет ұйымдастырылатынын айтады. nur.kz
2016 жылы жұмысын бастаған қор еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға, сондай-ақ ерекше күтімдегі балаларды тәрбиелеп отырған жандар мен көпбалалы аналарға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатыр. «Halyk» қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестіру – қолға алынған істің тек бір бөлігі. Қор 2020-2021 жылдары 100 мыңнан астам азық-түлік жиынтығын таратты. Оған 2,5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Фото: «Халық» қайырымдылық қоры «Қайырымдылық көмек көрсетілетін отбасылардың тізімін жергілікті атқарушы органнан алып жатырмыз. Ол үшін бізге арнайы келіп, тіркелу қажет емес. Жыл соңына дейін осындай қайырымдылық шарасын бірнеше рет ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Берілетін азық-түлік себетінің салмағы 47 килограмм. Оның ішінде әр отбасыға қажет, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар», – дейді қордың Алматы облысы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов. Аталмыш игі істің аясында азық-түлік себетінің 500-і Алматы облысындағы тұрғындарға беріледі. Алғашқы көмекті Талғар ауданынан бастаған қор ұжымы ауданды аралап, тізімдегі отбасыларға барып, азық-түлік себеттерін табыстап шықты. Көмек алғандардың қатарында 4 баланың анасы Гүлжан Ахметжан да бар. Ол 2018 жылы Қазақстанға Қытайдан көшіп келген. Алғашында пәтер жалдап күн көрген отбасы бүгінде Талғар қаласында үй тұрғызып жатыр.

Әрине, бұл қайырымдылық жобалар аясында қордың жүзеге асырып отырған игі істерінің тек бір бөлігі ғана. Қор инфрақұрылымдық бағытта бірқатар іске мұрындық болып келеді. Алдағы уақытта кәсіпкерлікке бағыт-бағдар көрсету ісін де жоспарлап отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!