Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Олжас Бектеновтің активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комиссия қорытындысы бойынша жалпы көлемі 85 миллиард теңгеден асатын, заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы бірқатар келісім мақұлданды.

«Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан аса жер бар», – деп жазылған Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, бұрын мемлекеттен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен, құны 10 миллиард теңгеден аса сомаға бағаланатын кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданды.

Айта кетейік, 2022-2023 жылдар аралығында елге құны 403 миллион АҚШ доллары, ал 2023-2024 жылдары аралығында 186 миллион АҚШ доллары тұратын активтер қайтарылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!