Елімізде бизнесті дамытуға бағытталған институттары көп, алайда кәсіпкерлердің 99 пайызы қолдау таппайды. «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат берген экономист Марат Қайырленов осылай деп мәлімдеді.

«Бізде мемлекет тарапынан бизнеске қолдау көрсететін 29 институт бар. Бірақ институттардың жұмыс нәтижелерін қарайтын болсақ, олар бизнес субъектілерінің тек 0,1-0,2 пайызын ғана қолдайды. Ал қалған 99 пайыздан астамы қажетті қолдауды алмайды. Егер әлемдік тәжірибеге жүгінсек, онда бұл көрсеткіш 10 есе жоғары», – деп мәлім етті Марат Қайырленов.

Еске салайық, бұған дейін «Jibek Joly» телеарнасындағы «Жаңа уақыт» бағдарламасында ой бөліскен Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов бизнеске мемлекеттен қандай қолдау қажет екендігін айтқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!