Фото: Adyrna.kz
Қазақстан банктері су тасқынында зардап шеккендерге көмек көрсетпек, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Caravan.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлаған.
«Екінші деңгейлі банктер су тасқыны салдарын жоюға және төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға, сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған шұғыл шараларды қолдайды», — делінген хабарламада.
Отандық банктер 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін жергілікті атқарушы органдардың тізімі бойынша су тасқынынан зардап шеккендер қатарына енген қарыз алушылардың кредитті өтеу мерзімін ұзартпақ. Одан бөлек қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға төлемді уақтылы төлемегені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейтіні айтылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!