Қазақстанда маусым айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 триллион теңгеден асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші кредиттік бюроның ақпаратынша, берілген кепілсіз тұтынушылық несие көлемі 800 миллиард теңгеден асқан. Бұл рекордтық көреткіш.
Бұдан басқа қазақстандықтарға 130 миллиард теңгеден астам сомаға автонесие берілді. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.
«Бір ай ішінде 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алған. Одан да көп көрсеткіш (бірнеше мыңға) 2022 жылдың қарашасында ғана байқалды. Жағымды жаңалықтың бірі – ипотекалық қарыз берудің орташа мөлшерінің азаюы. Маусым айында бұл 15,4 млн теңгені құрады», – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарына төлемін 90 күнге кешіктірген тұрғындарға кредит беруге тыйым салынбақ. Демек мерзімі өткен борышын өтеу үшін азаматтар қайта қарыз ала алмайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!