Фото: trtavaz.com
Бүгін, 21 маусым Парламент палаталарының бірлескен отырысында сенатор Бекболат Орынбеков «Қазақфильм» АҚ-ға мемлекеттен бөлінген қаржы тиімсіз игеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Осыдан бөлек қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар. 2016-2022 жылдары кезеңінде «Қазақфильмге» кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен оның 4,8 пайызы ғана ақталды», – деді Бекболат Орынбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Депутат сөзіне нақты мысалдар келтірді.
«Аруақ» фильміне 300 миллион теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. «Композитор» фильміне 1,2 миллиард теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 миллиард теңге, ал прокат соммасы 1,1 миллиард теңге. Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттің аудиторлардың есептері ескерілмейді деген күмән бар», – деді сенатор.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!