Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілетіні» туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады turkystan.kz Informburo-ға сілтеме жасап.

Желіде алаяқтар «10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарынан еңбек шегерімін ала алады» деген жалған ақпарат таратқан.

«Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «сәлем» сөзін жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», – деп хабарлады Отбасы банк.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!