Фото: Halyq Uni

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27,2 трлн теңгеге жеткенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс депутаттары «2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» туралы Үкімет есебін тыңдап жатыр.

Қаржы министрі орынбасарының айтуынша, қазір бюджет тапшылығы – 3,1 трлн теңге.

«Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңгенің (жалпы ішкі өнімнің 22,8%-ы) құрады. Оның ішінде Үкіметтің борышы 24,9 трлн теңге (ЖІӨ 20,9%-ы) болды. Мемлекеттік борыштың жоғарғы шегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін ЖІӨ-ге шаққанда 50%-дан аспайтын деңгейде белгіленген. Бүгінде мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген борыштық индикаторлар рұқсат етілген мәндер аймағында тұр», – деді Дәурен Темірбеков.

Қаржы вице-министрі 2024-2028 жылдарға арналған болжам бойынша мемлекеттік борыш тиісті лимиттен аспайтынын және жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%, ал үкіметтік борыш ЖІӨ-ге шаққанда 21% деңгейінде болатынын атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!