Фото: arnapress.kz

Мемлекеттік сатып алу – Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызмет көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, елдің заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы. Қарапайым тілмен айтқанда мемлекеттік органның тауырды немесе қызметті сипаттамасы мен қаржы көлемін көрсете отырып өнім берушілерден сатып алу рәсімі. Ол үшін міндетті түрде келісімшарт жүргізіледі.

Келісімшарт болған жерде тараптар арасында туындаған келіспеушілік сал­ дарынан дау туындайтыны белгілі. Осы санаттатағы дауларды қарау кезінде сот ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды, ал Заңмен реттелмеген мәселелер бойынша Азаматтық кодексінің (АК), Азаматтық процестік кодексінің (АПК), Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК), «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының және өзге нормативтік актілер басшылыққа алады.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзуылуына байланысты туындайтын даулар азаматтық тәртіпте мамандандырылған экономикалық соттарда қаралады және АПК-нің 29 бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша беріледі. Сондай-ақ орындалатын орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қою­лар талап қоюшының таңдауы бойынша АПК-нің 30 бабының алтыншы бөлігінесәйкес шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.

Заңның 24-бабының 1-тармағына, 38-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді (баға ұсы­ нысын) беру конкурстық құжаттамада белгі ленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орын­ дауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады. Осыған байланысты әлеуетті өнім берушіні көрсетілген тәсілдермен жүргізілген мем­лекеттік сатып алудың жосықсыз қатысу­ шысы деп тану туралы талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша шарттың орындалатын жері бойынша да берілуі мүмкін.

Соттарда осы санаттағы істердің басым көпшілігі шартты уақытылы орындамауы немесе сапасыз тауарды (қызметті) ұсынуы салдарынан туындаған даулар қаралады.

Заңның 12-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қаты­ сушылар тізіліміне енгізіледі.

Алайда сот істерді қараған кезде мін­ деттемелерін тиісті түрде орындамаған өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тани беруі міндетті емес.

Себебі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі «Сот тардың мемлекеттік сатып алу ту­ ралы заңнаманы қолдануы туралы» №4 нормативтік қаулысының 8-тармағына сәй­кес, мемлекеттік сатып алу туралы өнім беру шілермен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қаты­сушылар деп тану туралы талап қою­ ларды қарау кезінде соттар АК-нің 359 бабынасәйкес азаматтық-құқықтық жауап кершіліктің негізі ретінде өнім бе­ рушінің кінәсін және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігіне сәйкес әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып, Тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдарларды назарға алуы қажет делінген.

Сотта қаралған кезекті істе мемлекеттік орган (тапсырыс беруші) мен жеке кәсіп­кер арасында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған. Шарт талаптарына сай өнім беруші тауарды шарт күшіне енген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге міндеттенген. Алайда шарт мерзімінде орындалмағандықтан тап­сырыс беруші жауапкерді шарт бойын­ ша міндеттемесін тиісті дәрежеде орын­ дамағаны, яғни тауарды кеш жеткізгені үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы сотқа талап қойған.

Сотта анықталғандай жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін кеш орында­ ған. Дегенмен талап қоюшыға жағымсыз салдар орын алғандығы көрсетілмеген, тауардың сапасы мен саны жағынан сын-ескертпелер болмаған.

Сондықтан сот әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып, жауапкердің осы күнде өзінің міндеттемесін толық орындағанын, сондай-ақ талап қоюшыға жағымсыз салдар туын­ дамағанын ескеріп, талап қоюшының жауап­ керді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартты.

Қ.БЕРЖАНОВ,
Экономикалық сотының судьясы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!