Егер клиент кәсіпкердің әрекетіне шағымданар болса, құқық бұзушыға көлемді айыппұл салынады

Фото: tengrinews.kz

Қазір кейбір кәсіпкерлер банкте ашылған жеке шотына сатылған тауар, қызметтер үшін мобильді аударым арқылы ақы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-касса машинасы мен POS-терминал қолданбай, тиісінше чек берілмей жүргізіледі.

Бұл — ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  ҚазАқпарат басылымына сілтеме жасап.

Қайтадан заң бұзу кезінде салық төлеушінің субъектіне қарай салынатын айыппұл — 15-тен 50 АЕК-ке дейін. Қазақстан Конституциясына сәйкес салық төлеу — әркімнің міндеті. Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. 2024 жылдан бастап банк ұйымдарыжеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді бере бастайды.

Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады. БКМ қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалымен біріктіру бойынша пилоттық жоба іске асып жатыр. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаға «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ қатысуда. Сонымен қатар, БКМ чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чек талап ет» акциясы өтіп жатыр. Анықталған бұзушылықтар жайында «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады. «Жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аударамыз. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін — туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады» деп хабарлады мемкірістер комитеті.

Негізінен салық органдары бизнесті заңды жүргізу үшін бүкіл қолайлы жағдай жасады, салық мөлшерлемесі төмен режимдерді қарастырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!