Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар несие алудан ерікті түрде бас тарта алады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Мұхаммед Бағдатұлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сіз ерікті түрде стоп кредитке қол қоятын болсаңыз. Онда ешқандай ақпарат оның ішінде кредиттік тарих туралы ақпарат толығымен ешқай жерге берілмейді. Яғни ол қорғаулы болады. Микроқаржылық мекемелер болсын, 2 деңгейлі банктер болсын сіздің қаржылық ақпаратыңызды біле алмайды. Себебі ол заңды түрде мемлекет тарапынан қорғалады, – деді М.Бағдатұлы.

Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, бүгінде қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша үйлестірілген іс-қимылдар қабылдануда.

Жалған қарыздарды ресімдеумен байланысты алаяқтықты азайту үшін ағымдағы жылғы 11 ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының шеңберінде жеке тұлғаның электрондық үкімет веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттерді алуды белгілеу не оны алудан ерікті түрде бас тарту құқығы туралы түзету қабылданды. Яғни, аталған шара заңдық сипатқа ие болды.

«Стоп кредит» сервисі кредиторларды кредит ресімдегісі келмейтіні туралы хабардар ете отырып, азаматтарға кредиттік алаяқтардан қосымша қорғануға мүмкіндік береді. Яғни, кредиттік есепте жеке тұлғаның кредит алудан ерікті түрде бас тартуы туралы ақпарат болған кезде, кредиторларға оларға заңнамалық деңгейде кредит беруге тыйым салынады, – деп қорытындылады Александр Терентьев.

Айта кетейік, «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі е-gov.kz сайтында және е-gov mobile қосымшасында тегін негізде қолжетімді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!