«Астана» халықаралық қаржы орталығы басшысы Ренат Бектұров айына қанша жалақы алатынын және оны қайда жарататынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ренат Бектұров халықаралық қаржы орталығы қызметкерлерінің жалақысы біліктілік деңгейіне байланысты екенін атап өтті.
«Жас мамандар бізде тәжірибесіне 300-350 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін алады. Одан кейінгілер шамамен 600 мың теңге, басшылар -700-800 мың теңгеден жоғары айлық алады. Мен бірінші басшымын, жалақым тиісінше 700-800 мың теңгеден жоғары», – деді ол сенат кулуарында.
Бектұровтың айтуынша, бос уақытының аздығынан белсенді түрде инвестиция сала алмайды.
«Әрине, барлығымыз инвестиция салуға тырысамыз. Бірақ менің бес балам бар, көп қалмайды да. Біз де барлық адам сияқты өмір сүріп жатырмыз. Ипотека, несиелербар, тұтынушылық несие де төлейміз, балаларға – балабақшаға, мектепке жұмсаймыз. Әрине, несие бар: кімде жоқ дейсіз», – деді АХҚО басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!