Несиесін төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты жаңа заң шығады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасына.
Оның басты мақсаты – азаматтарды жалғыз баспанасынан айырмау.
Телеарна мәліметінше, үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын енгізуді ұсынды. Аталған құжат 4 ақпанға дейін дайындалуы мүмкін.
«Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. 18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!