Онлайн кредиттер үшін жаңа талап күшіне енеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 қаңтардан бастап онлайн кредит алу үшін биотметриялық верификациядан өту міндеті енгізіледі. Ал қарыз алу туралы келісімшартқа электронды-цифрлық қолтаңба қою қажет. Онсыз онлайн кредит берілмейді.
Айта кетері, бұған дейін жеке тұлғаларға жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салынған болатын. Бұдан бөлек, әрбір қазақстандық «электронды үкіметтің» веб-порталында және «eGov Mobile» мобильді қосымшасында өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!