Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында төленеді деп хабарлады turkystan.kz.

2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық номиналды жалақы 285,4 мың теңге болды. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,8 мың теңгеге көп.
Тоқсандық кезеңде номиналды мән бойынша өсім Нұр-Сұлтан (-6,4%) және Алматы (-0,5%) қалаларынан, сондай-ақ Алматы облысынан (-1,9%) басқа барлық өңірде байқалды.
Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында төленеді – 203,4 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 28,8%-ке төмен.
Әдеттегідей, ең көп жалақы қаржы және сақтандыру қызметі (521,1 мың теңге) және кәсіби және ғылыми қызмет (416,4 мың теңге) салаларында байқалады.
Ауыл шаруашылығы мен өнер және ойын-сауық саласының қызметкерлері ең аз табыс табады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!