SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың алғашқы жартысында елімізде бала туғаны және оның күтімі үшін мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге 437,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы 369 мыңнан астам отбасыны қамтыған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бала туған кезде берілетін бір реттік жәрдемақыны биыл 169 мың адам алған. Маусым айында бұл көмекке 24 мың азамат ие болған.
2025 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақының мөлшері:
1, 2 және 3-балаларға – 149 416 теңге (38 АЕК),
4 және одан көп балаға – 247 716 теңге (63 АЕК).
Ал бала 1,5 жасқа толғанға дейін төленетін ай сайынғы жәрдемақы:
1-балаға – 22 648 тг,
2-балаға – 26 777 тг,
3-балаға – 30 866 тг,
4 және одан көп балаға – 34 995 тг.
Жұмыс істейтін аналар үшін әлеуметтік төлемдер де қарастырылған. Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, бала күтімі мен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда оның жалақысының 40%-ы мөлшерінде төлем төленеді. Бұл төлем екі немесе одан да көп бала туған жағдайда әрқайсысына жеке есептеледі.
Жыл басынан бері бұл төлемге 129 мың ана ие болған. Орташа ай сайынғы мөлшері – 89 881 теңге.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!