Сурет: Zakon.kz

Павлодар облысында «Борышкер» ЖПІШ барысында борышкерлерден 22 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылар арасында орындалмаған жаза үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын сақтау мақсатында өңір аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

«Жүргізілген жұмыс нәтижесінде борышкер жүргізушілерден 22 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. «Кибер-Шериф» аппараттық-бағдарламалық кешені мен «Қорғау» жүйесін қолдана отырып, жүргізушілердің қарыздары болған 155 көлік құралы анықталды. Жүргізушілері айыппұл төлеуді елемеген 9 автокөлік арнайы тұраққа қойылды», – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полициясының бастығы Борис Әлімбаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!