Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ашық сот отырысында ТҮКШ бөлімінің экс-басшысына  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

шартты мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасағанын, қол қойғанын түсіндірді және ол бұл рұқсат етілген әдіс және жағдай ерекше болды деп санайды», – деп жазылған сот қаулысында.

Сот ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігінің санкциясында көзделген 17 құқық бұзушылықтың әрқайсысы үшін 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану  туралы шешім шығарды. Бұл (100 АЕКх17 хаттама) 1 700 АЕК құрайды.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігі негізінде сот әкімшілік айыппұл сомасын 30 пайызға, 1 190 АЕК-ке дейін қысқартуға болады деп есептейді.

Сот шешімімен шенеунік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 11-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 4 105 500 (төрт миллион жүз бес мың бес жүз) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!