Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Бұл – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.
«Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, соның салдарынан зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған. Бұл – бұрмаланған ақпарат. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтында жоқ. Сондай-ақ, бұл туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған. Зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жаңалықтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ», – делінген ақпаратты тексерушілер каналында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!