Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит беруге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұл бағыттағы шектеулерге тоқталсақ, тек проблемалық несие болса, онда жаңа онлайн микрокредит алуға тыйым салынады. Елімізде несие алушылардың қатары не себепті өсіп отыр? Олардың банкте бір проблемалық несиесі болса, оны жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан жаңа несие алады. Бұл тұрғыда проблемалық несиесі тіркелсе, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгіздік», – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында тілшілердің сауалына жауап бере отырып. 

Агенттік төрайымының сөзінше, бұл мәселе берілетін барлық несие түрлеріне қатысты. 

Бұдан бұрын хабарлағандай, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерде енді несиелік ақпарат есептерді алмасу тек қарыз алушының келісімімен ғана мүмкін болмақ. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!