ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде маусым айында еңбек нарығында қандай кәсіп өкілдері сұранысқа ие болғандығы және жұмыс берушілер кімге ең жоғары жалақы төлеуге дайын екендігі туралы айтылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.

ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі 17 шілдеде хабарлағандай, маусым айында электрондық еңбек биржасында 89,9 мың бос жұмыс орны мен 54,5 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек нарығындағы белсенділік төмендед. Мамырмен салыстырғанда бос орындар саны 5,3%–ға, түйіндеме 26,7% -ға қысқарды.

Біліктілігі жоқ жұмыс күшіне деген сұраныс әсіресе төмендеді (-10%). Біліктілігі жоқ қызметкерлер тарапынан ұсыныс 39%–ға, орташа біліктілігі – үштен біріне, жоғары біліктіліктер арасында 11%-ға қысқарды.

Кадрларға қажеттілік Қазақстанның үш өңірінде өсті: Жетісу (+1,1 мың бос жұмыс орны), Алматы (+416) облыстары және ШҚО (+479). Шығыс Қазақстан облысында бірқатар кәсіптер бойынша қызметкерлердің тапшылығы: онда колл-орталықтардың мамандары, слесарь-жөндеушілер және электр газбен дәнекерлеушілер қажет. Басқа өңірлерде де жұмыс қолы жетіспейді: Қарағанды облысында бос жұмыс орындарының саны түйіндеме санынан 6,4 мыңға, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында 3,9 мыңға асты. Маусым айында электронды еңбек биржасында ең көп сұранысқа ие жұмысшылар: байланыс орталықтарының операторлары (1,9 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (1,7 мың) және тәрбиешілер (1,6 мың) болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!