Үкімет брифингінде қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қайырымдылыққа халықтан ақша жинаған блогерлердің салықтық жауапкершілігі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, осы мақсатта жүргізілген ақша аударымдары да «100 аударым» қағидаты бойынша салық органдарының назарында болады.

«Тек блогерлер ғана емес, басқа да азаматтар осылай ақша жинауы мүмкін. Мобильді аударымдар саны 100 аударымнан асса, келесі жылы ол туралы тиісті ақпарат аламыз. Содан кейін ол азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Ол «иә, қаңтар, ақпан, наурыз айларында ақша жинадым, ақшаны кәсіпкерлік мақсатқа емес, осы бағытта жұмсадым, міне” деп, егжей-тегжейлі түсіндіруі тиіс», – деді вице-министр.

Яғни тұрғындар аударылған ақшаның қандай мақсатқа жұмсалғаны туралы есеп береді. Вице-министр мұндай жағдайда блогерлер ешқандай мәселеге тап болмайды деп сендірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!