Фото: pixabay.com
Forbes журналы ғаламшардағы ең бай адамдардың (2024 жылға арналған) тізімін жариялады. Оған қазақстандық бизнестің жеті өкілі кірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазіргі уақытта Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандық Kaspi.kz сайтының негізін қалаушы Вячеслав Ким болып отыр. Ол әлемдік рейтингте 511-орында тұр, оның байлығы 5,8 миллиард долларға бағаланады. 2023 жылы табысы айтарлықтай өскені байқалады. Бұған басылымның мәліметтері дәлел.
Тізімдегі келесі орында Kaspi.kz басшысы және серіктесі Михаил Ломтадзе тұр. Әлемдік рейтингте ол 581-орында. Басылымның мәліметінше, миллиардердің байлығы 5,2 миллиард долларға бағаланған. Авторлар табыстың айтарлықтай өскенін де атап өтті.
Тимур мен Динара Құлыбаевтар әлемдік рейтингте 612-орында тұр. Рейтинг құрастырушылары олардың әрқайсының байлығын 5 миллиард долларға бағалады. Құлыбаевтардың негізгі табысы қаржы бизнесінен түсіп отыр. 2023 жылдан бастап, журналдың мәліметінше, әрқайсының байлығы 700 миллион долларға өскен.
Қазақстандық Владимир Ким әлемдік рейтингте 896-орында тұр, оның байлығы қазір 3,6 миллиард долларға бағаланып отыр. Басылымның мәліметінше, кәсіпкердің табысы бір жылдың ішінде азайған. Ким KAZ Minerals және «Қазақмыс» акцияларына үлескер.
2022 жылы Қазақстан азаматтығын алған Тимур Турлов ғаламшардың ең бай адамдары рейтингінде 991-орында тұр. Оның байлығы 3,3 миллиард долларға бағаланды.
Тізімдегі соңғы қазақстандық Болат Өтемұратов – бизнесмен рейтингте 1238-орында тұр. Кәсіпкердің байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!