Фото: pixabay
Жоғары аудиторлық палатаны тексеру барысында «Казсушар»-дың бес басшысы жауапкершілкке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше олар заңбұзушылық жасаған.
«Заңнаманы бұзуға жол берген «Қазсушардың» бес басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексерулер аяқталған кезде «Қазсушар» бас директоры лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жобаларды іске асыру бөлімінің бастығы, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің бастығы, Жетісу облысы бойынша филиалдың директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік аудиторлар жобалық менеджменттің қателіктері мен су тұтынушыларының қолда бар қарыздары тұрақсыз қаржылық жағдайға алып келді деген қорытындыға келді.
«Қазсушар» РМК-ның 98% – ға тең қаржылық тұрақтылығы іс жүзінде ойдан шығарылған. Себебі бұл көрсеткіш табыс әкелмейтін және өндірісті дамытуға жұмыс істемейтін қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (18,9 млрд.теңге) бос ақша қаражатының қалдығы есебінен бұрмаланған. Аталған қаражат 2018 жылдан бастап шоттарда жинақталып келеді және азайғаны білінбейді»,-деп хабарлады жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!