Тұрақты табыстан айырылу, денсаулықтың нашарлауы, инфляция және экономикалық тұрақсыздық – кез келген адам кезігуі мүмкін тәуекелдер. Жағдай сізді әбігерге салмау үшін бірнеше принципті сақтау жеткілікті. Бүгін қаржыны сақтаудың бірнеше әдісімен бөлісудің сәті туды.
Өзгерістерге тез бейімделу үшін икемді болуы, түрлі тәсілді пайдалану пайда әкеледі. Әрине, ешкім сала мамандықтарын жойған жоқ, бірақ мамандығыңыз көпсалалы болса, әртүрлі дағдыны дамытқан дұрыс. Өзіңізді қорғаудың оңай нұсқасы – қауіпсіздік жастықшасын жасау. Сарапшылар барлық табыстың 10%-дан 20%-ына дейінгі бөлігін үнемдеуді ұсынады. Егер табысыңыздың 80%-ы тұрақты шығындарға кетсе, қалғанының кем дегенде жартысын бөліп, қалған жартысын өзіңізге жұмсаңыз.
Табысты дұрыс бөлуге алты құмыра әдісі көмектеседі. Бірінші құмыра жалпы бюджеттің жартысынан сәл астамын алады – 55%. Бұл ақша коммуналдық төлемдерді төлеуге, азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажет шығындарды өтеуге арналған. Шығындардың басқа түрлері сияқты соманың ең көп бөлігін, мүмкіндігінше, жеке резерв қорына бөлуге де болады. Бәрі өз мүмкіндігіңізге қарай.
Ең дұрысы, қаржы жастығы 3 айдағы жалақыңыздың сомасына тең болуы керек. Ай сайын 200 мың теңге алатын болсаңыз, жұмыстан босатылған немесе табысыңыздан айырылған жағдайда 600 мың теңге жинақтауыңыз керек. Сіз әрі қарай жүріп, осы сомаға 3 айлық тұрақты шығындарыңызды қоса аласыз. Мысалы, бұл – ай сайынғы 100 мың теңге шығын. Сонда қаржылай қауіпсіздік жастығы 900 мың теңге болады. Бұл қиын кезеңнен өтуге көмектеседі және жаңа жұмыс табу үшін жеткілікті уақыт болады.
Егер қымбат зат сатып алу немесе шетелге сапар жасау мақсаты болса, қаржы жоспарын құру оған да жетуге көмектеседі. Мақсаттың нақты болуы және жинақталуы қажет нақты мөлшерде көрсетілуі маңызды. Жоспары бар шығындар мен кірістер кестесі болған кезде, нақты уақытты сақтау оңайырақ. Бірдеңе дұрыс болмаса да, бәрі бақылауыңызда деген психологиялық сезім тудырады. Күтпеген жағдайларда белгілі бір ақша ағындарын қайда аударуға және ақша үнемдеуге болатынын білесіз.
Сондай-ақ мамандар жеке жұмыс уақытының құнын есептеуді ұсынады. Орташа алғанда, Еңбек кодексіне сәйкес, айына 168 сағаттан аспайды. Оның қолына 168 мың теңге түсті делік, яғни оның жұмыс сағатының құны – 1000 теңге. Мәселен, бір шыны кофе сатып алып, оған ақша табу үшін қанша уақыт жұмсағаныңызды білесіз.
Сарапшының айтуынша, егер сізде әртүрлі валютада депозиттер болса, онда негізгісі ең жоғары өтімді активте болуы керек. Яғни, сіз өмір сүретін валютада. Мәселен, теңгедегі депозит 13% делік. Мұндай депозитті 2 жыл бойы ұстай отырып, үстіңгі 26%, ал доллармен тек 2% аласыз. Осылайша, екі жыл бойы теңгемен емес, доллармен депозит сақтасаңыз, қазір сіз 6% жоғалтыңыз. Ал теңгемен ұстаса, доллар айырмасын толтыра алар еді. Иә, теңгедегі барлық жинақты дер кезінде тез алып, кейін долларға айырбастауға болатын алыпсатарлық факті бар.
Дағдылар – инвестиция. Неғұрлым көп білсеңіз тұрақсыздық кезеңінде өзіңізді соғұрлым сенімді сезінесіз. Өзгеретін нарықта қолдануға болатын дағдыларды дамытыңыз. Білімге инвестиция салу әрқашан сұранысқа ие.
Берен Шағыров
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!