Қазалы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреудің аудандағы дәріханада тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлаған. Сөйтіп жәбірленушіге жалпы 2 млн 580 мың теңге шығын келтірілген.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ақша ұрлығы қылмысын жасаған күдікті азаматша анықталып, ұсталды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қол хат  алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық,яғни бөтеннің мүлкін жасырынжымқыру) сотқа дейінгі  тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!