1-ші қазаннан бастап барлық банк, ломбард және онлайн қаржы ұйымдары берілген несие туралы ақпаратты күнделікті беруге міндетті, деп хабарлайды Atameken Business.
Соның негізінде енді азаматтар қарызын өтеп бітпейінше, жаңадан кредит ала алмайды. Осындай шектеулер арқылы билік борышкерлердің санын азайтуды көздеп отыр. Бұған дейін заң бойынша берілген қарыз туралы ақпарат кредиттік бюроға 15 күннен кейін түсетін. Сол аралықта азаматтар 4-5 жерден несие алып үлгеретін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!