Қазақстанда 1 шілдеден «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп балалы I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (25 530 теңге) өседі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
1 шілдеден бастап «Алтын алқа» алқасымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, Батыр ана атағын алған, яғни 7 баланы дүниеге әкелген және өсірген аналарға республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке (25 530 теңге) дейін өседі. Тиісті норма ҚР-ның Әлеуметтік кодексінде қарастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кодекстегі тағы бір жаңа тұс «»Наградталған ана» деген атақтың енгізілуі. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.
Қазіргі таңда 6, 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Енді марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшерін саралау қарастырылып отыр.
“Алтын алқамен», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 7,4 АЕК-ке дейін (25 530) өседі”,- делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!