Қазақстанда 2024 жылдан бастап базарлар мен сауда орталықтарындағы кәсіпкерлердің кассалық аппараттарының бар-жоғы және пайдалануын тексеру басталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

«Салықтық басқару аясында кассалық аппараттарға 100% көшуді жаңғырту мерзімі басталады, яғни 2024-2025 жылдары бұған үлкен көңіл бөлінетін болады. Сондықтан 2024-2025 жылы тексерістерде жаңа құралдар, соның ішінде камера құрылғылары да пайдаланылады. Сонымен қатар қоғамдық белсенділері де кассалық аппараттары жоқ жерлерді анықтауға көмектеседі», – деді Шаққалиев.

Министр сатушылардың көпшілігінде кассалық аппарат бар екенін, бірақ оны барлығы пайдалана бермейтінін атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!