Енді 90 күн төленбеген несиесі бар борышкерге ешқандай кредит берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, төленбеген несиені бірден коллекторлық агенттікке бермеу тетіктері қарастырылып жатыр. Екінші деңгейлі банктер немесе микроқаржылық ұйымдар мұндай кредиттерді коллекторларға бермес бұрын 18 ай ішінде несие талаптарын жеңілдетуге міндеттеледі.“Сыйақы мөлшерлемесін төмендетіп, кредиттің мерзімін ұзартып, жақсарту жасаған соң ғана банктер, микроқаржылық ұйымдар сол коллекторларға сатуға мүмкіншілік беріледі”, – дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Ғизатов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!