Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақырту алдында борышын өтейтіндерге арналған ұсыныстарды дайындауда. Бұл борышын өтейтіндер санын көбейту үшін жасалмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі әскерге шақыртылғандар мен олардың отбасыларын қолдау шараларын заңды түрде бекітуді ұсынып отыр.

Оның ішінде борышын өтеу кезінде сарбаздың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдіктер берілмек. 
Сонымен қатар министрлік әскери парызын өтеу барысында несиені кейінге шегеру де қосымша ұсынбақшы. 

Әскери ведомстволар білім беру бағытында да түрлі нұсқаларды қарастырмақ.

Бұдан бөлек қазір Президенттің 2021 жылы 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмасы да жүзеге асып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев борышын өтеу кезінде экономика саласындағы сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкін жасау керек екенін айтқан. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!