Коллаж: ulysmedia.kz.
Бұл туралы брифинг барысында Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қанша адамның қарызы кешірілді
– Банкрот туралы заң күшіне енгеннен бастап 109 мыңнан астам адам өтініш берген. Мүмкін ол аздау екен. Оның ішінде әрине, кіру критерийлеріне сәйкес келмегендіктен, уәкілетті орган электронды база, басқа меморгандардың деректеріне сәйкес тексерді. Бүгінгі таңда 76 пайыздан астам көбіне бас тартылды. Көбі неге деп сұрайды. Себебі мүлкі бар бола тұра өтінім береді. Төлем қабілеті бар екені ескеріледі, – дейді ол.
Меруерт Сисембаева сонымен бірге, 15 236 адам Қазақстанда банкрот деп танылған. Олар бойынша кешірілген сома – 35 млрд теңге. Олардык көбі Алматы, Жамбыл облысының тұрғындары.
Банкроттық туралы заң
Қазақстанда 2023 жылдың басында банкроттық туралы заң күшіне енген. Банкроттық туралы заң рәсімдердің 3 түрін қарастырады. Олар: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешектер бойынша қолдануға болады. Аталмыш рәсімге ел азаматтары «электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтінім бере алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!