Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктер мен микроқаржы ұйымдарының жеке несиелерді коллекторлық агенттіктерге сатуына тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Агенттік төрағасы қазір банктер мен микроқаржы ұйымдары жеке несиелерді коллекторлық агенттіктерге айтарлықтай жеңілдікпен белсенді түрде сатып жатқанын атап өтті. Коллекторлар клиенттің ағымдағы қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған банктік келісімнің шарттарын өзгертпестен қарыздың барлық сомасын өндіріп алады.

«Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес азаматтардың тұтынушылық банктік несиелері мен шағын несиелерін коллекторлық агенттіктерге сатуға тыйым салу ұсынылды», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік төрағасы бұл шектеулер коллекторлық нарықты толығымен тоқтатуды білдірмейтінін айтты. Коллекторлар проблемалық несиелерді сатып алмай-ақ өндіруді жалғастыра алады. Бұл несиелер қаржы институттарының қолында болады, коллекторлар тек проблемалық борышкерлермен жұмыс істеуге жауапты болады.

Сонымен қатар, коллекторлар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың проблемалық активтерін басқару бойынша сервистік компания ретінде қызмет көрсете алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!