Қазақстанда тұрғын үй бағасы қатты өседі деп болжанып отырған жоқ. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Баға қатты өседі деп ойламаймын, өйткені бұл қалай болғанда да халықтың сатып алу мүмкіншілігіне байланысты», – деді Жұманғарин мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап беріп.
Дегенмен ол 2021 жылы монополияға қарсы ведомство мен құрылыс компаниялары арасында жасалған меморандумға байланысты тұрғын үй бағасы 3-20% төмендегенін еске салды.
«Нарықтағы жағдай қазіргі экономикалық жағдайға байланысты болады, өйткені азаматтарды сыртқы нарықта болып жатқан оқиғалар алаңдатып отыр. Тұрғын үй – олардың жинағы үшін қаражат салынатын табиғи орын. Сондықтан біз осы мәселеге мониторинг жүргіземіз», – деп уәде берді Серік Жұманғарин.
Құрылыс материалдары нарығында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!