Фото: vovdi.ru

Көлік министрлігі Қазақстанда 1 шақырым асфальт төсеу қанша тұратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, 1 шақырым жолдың құны жөндеу түріне, ауа райы жағдайына және қолданылатын материалдарға байланысты. Ал вице-министр Сәтжан Әблалиев 1 шақырым жолдың құнына кеңінен тоқталды.

«1 шақырым жолды орташа жөндеумен 120-150 миллион теңгеге дейін кетеді. Бұл екі қабатты асфальт, 15 см асфальт қарастырылған», – деді вице-министр.

Қарабаев орташа жөндеудің әдеттегі жөндеуден айырмашылығын түсіндірді.

«Жалпы, 1 км 100 млн тұрады. Орташа жөндеу күшейтілген конструкциясы бар жөндеу, сондықтан ол шамамен 20-50% қымбат. Яғни, жол құрылымы қайта өңделеді, тұрақтандырғыш қосылады. Бір сөзбен айтқанда, жолдың іргетасы нығаяды», – деді министр.

Министрдің айтуынша, орташа жөндеуден өткен жолдардың жарамдылық мерзімі бес жыл.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!