Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерін өсіру туралы жоба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Министрліктің жобасына сәйкес жәрдемақыны 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көбейту ұсынылып отыр. 2023 жылғы АЕК мөлшерін есепке алсақ, жәрдемақы 345 мың теңге болады. 

Ал үй алу немесе тұрғын үй құрылысына арналған бюджеттік несие бұрынғыдай 1 500 АЕК болып (5,18 теңге) қала береді. 

Әлеуметтік қолдау шаралары ауылға жұмыс істеуге барған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге қатысты қолданылады. 
Құжат 2023 жылдың 22 мамырына дейін қоғам талқысында болады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!