Қазақстанда кейбір адамдарға несие беруге тыйым салынады. Сенатта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов егжей-тегжейін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олжас Қизатовтың сөзінше, қауіпті шектеу мақсатында базалық банктерге резидент еместерге несие және басқа да несие өнімдерін беруге, сондай-ақ, банкпен ерекше байланысы бар тұлғаларға қарыз беруге тыйым салынбақ.

«Базалық лицензиясы бар банктер үшін кейбір қауіпті операцияларды шектейміз. Оларға банкпен ерекше байланысы бар тұлғаларға қарыз беруді де жатқызамыз. Заңнамада екінші деңгейдегі банктердің басшылығымен қандай тұлғалар аффилиирленгені жазылған. Банктер әр тоқсан сайын есеп береді, онда қандай тұлғалар аффилиирленгенін көрсетеді», – деп түсіндірді Қизатов Сенаттағы брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Finprom.kz қазақстандықтардың кредиті туралы зерттеу жариялап, банктер бәріне бірдей қарыз бере ме деген сауалға жауап іздегені хабарланды.

«Қарыз алушының өз міндетін толық орындауға мүмкіндігі болмаса, оған ешкім кредит бермейді, мұны ресми статистика да куәландырып отыр. Кепілсіз кредит барлығына бірдей беріле бермейді», – деді сарапшылар бұған дейін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!