Қазақстанда 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа жалпы мөлшері 120 988 теңгені құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елімізде орташа зейнетақы 65 теңгеге өсті. Бір ай бұрын зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құраған.

«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 120 988 теңгені құрады, оның ішінде бірлескен зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге», – дееп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 312 мың зейнеткер тұрып жатыр. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 760,1 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 717,5 миллиард теңгесі бірлескен зейнетақыны төлеуге бағытталды», – делінген хабарламада.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!