Биометрия. Көрнекі фото: metamorworks / Getty Images

Қазақстанда онлайн түрде микрокредит алуға өтініш берген кезде биометриялық сәйкестендіруден өтуді міндеттеу жоспарланып отыр. Осылайша азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар кредитпен қарызға батыратын алаяқтарға тап болуы мүмкін. Егер сіз алаяқтарға ұрынсаңыз, банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) қомақты қаражат қарыз болып қалуыңыз ықтимал. Осы орайда кей жағдайда алаяқтар алғызған кейбір несиелерді есептен шығару мүмкін емес.

Сондықтан азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредитті онлайн рәсімдеу ережелерін қатаңдату туралы қаулы жобасын дайындап, «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Егер аталған заң жобасы қабылданса, алдағы уақытта электронды түрде микрокредит алу үшін кез келген азамат биометриялық сәйкестендіруден өтуге тиіс болады. Ал егер биометриядан өтпесеңіз, ақша аударылмайды.

Мұндай талап микрокредит алатын компанияларға да байланысты. Мысалы кейбір компаниялар тауарларды я қызметтерді сатып алу үшін шағын несие алуы мүмкін.

Бұл жағдайда фото немесе видео арқылы биометриядан өтуге болмайды. Себебі несие бермес бұрын жеке тұлғаны тексеру кезінде одан кездейсоқ әрекеттерді орындауды сұрайды. Сондықтан алаяқтарға қауіпсіздік жүйесін айналып өту қиынға соғады.

Қаулы жобасы 8 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады, сондықтан қазақстандықтар әзірге бұл талаптарды орындамауға құқылы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!